"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балақайлар мектебі

15.08.2023

«Московский ауылының ЖОББМ»КММ

«Балақайлар мектебінде» жүргізілген жұмыстардың есебі

 

      «Московский ауылының ЖОББМ»КММ маусымның 1-нен шілденің 1-не дейін 1 «А»сыныбына баратын Орынкелді Юсуфпен дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

1. Сөйлеуді дамыту міндеттері: оқушыға көркем әдебиеттің шығармаларын таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді дамыту,  мәнерлеп оқу және мазмұндау біліктері мен дағдыларын, сөйлесу әдебін қалыптастыру, сөздік қорды байыту.

2. Қолды жазуға дайындау міндеттері: баланы үстел басына отырғызудың гигиеналық талаптарымен, қолдың қалыптарымен таныстыру, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын, көзбен өлшеуді  дамыту.  

3. Математика  негіздері  бойынша: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру,  таным процестерін дамыту (зейін, есте сақтау, қабылдау, қиял), ақыл-ой әрекеті тәсілдерін үйрету (талдау, салыстыру, жалпылау).

4. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша: қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз түсініктерін, сезімдерін, ойларын көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру.

5. Сурет салу бойынша: затқа қарап және  елестетуі бойынша сурет салу дағдыларын, түстері мен олардың реңктерін, өз талғамы бойынша түстерді таңдай білуін қалыптастыру, бояулар мен қарындаштарды және т.б. қолдана білуге үйрету, көркемдік талғамын тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

                                           Мұғалім                            Болатхан Б.

 

 

 

Просмотров: 1538

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст